19.09.2019, 21:51
Оқылды: 151

Оралдағы тұрғын үй комиссиясының отырысы әкімдік парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі

Оралдағы тұрғын үй комиссиясының отырысы Instagram әлеуметтік желісіндегі Орал қаласы әкімдігінің ресми парақшасында 20 қыркүйек күні, сағат 11:00-де (жергілікті уақыт бойынша) тікелей эфирде өтеді.

38

Комиссия отырысында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған адамдарға заңға сәйкес және кезек негізінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған Зашаған кенті, «Арман» шағынауданы, М.Мөңкеұлы көшесі, 113/1 мекенжайында орналасқан 216 пәтерлік үйді «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес бөлу жүргізіледі. Бұл жайлы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале