14.11.2019, 18:14
Оқылды: 284

Оралдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері халықаралық парабишілер фестивалінің лауреаты атанды

Бала кезінен арбаға таңылған Қайрат Нұғманов қазір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО филиалында қызмет етеді. Аталған мекеменің БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингіне қатысқан Қайрат өзі лауреат атанған Финляндиядағы парабишілер халықаралық фестивалі жайлы тілшілерге әңгімелеп берді.

paratancy

Қайрат Нұғманов – тағдыр сынына мойымай, күресіп келе жатқан жігерлі адам. Ол колледж бітірген соң Халыққа қызмет көрсету орталығына жастар практикасымен бағдарламашы болып жұмысқа орналасады. 2017 жылдан бастап аталған мемлекеттік корпорацияның тұрғындарға қызмет көрсету залында еңбек етіп келеді.

Алғашында ғаламтордан парабишілердің видеолар көріп қызығушылығы басталған ол бимен 2013 жылдан бастап айналыса бастаған. Бүгінде ол Финляндиядағы парабишілердің беделді халықаралық фестивалінің лауреаты.

-Қазір Оралда бидің бұл түрімен 5 адам шұғылданамыз. Бапкеріміз бар. Биге арналған арнайы арба болады. Оны маған Алматыда өнер көрсетуге барғанда сыйлап еді. Билеуге арналған арба түрлі қимылдар жасағанда құлап қалмау үшін жетілдірілген. Бидің арқасында Қазақстанның көп қаласын араладым. Бұл – шетелге алғаш шығуым. Барып-келуіме жомарт жандар қол ұшын созды. Жиырма шақты елден қатысушылар болды. Финляндияда бидің фристайл және соло түрімен өнер көрсеттім. Биіміздің бағдарламасын бапкермен кеңесе отырып өзіміз құрамыз,- дейді Қайрат Нұғманов.

-Би мені өмір сүруге құлшындырады. Өз аяғыммен жер басып жүріп кетуді армандаймын, - дейді Қайрат Аманбайұлы.

Н.Нұрланұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале