23.12.2017, 13:28
Оқылды: 15

Оралдағы жаңа алаңда бас шыршаның шамы жағылды

received_10210685312861384Орал қаласындағы жаңа алаңда бас шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Осыған орай жиналған жұртшылықты Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев құттықтап, биылғы жылдың шаһар үшін жемісті болғанын жеткізді. Мысалы, 2017 жылы қала көшелерінде жол салу мен жөндеу жұмыстары айрықша қарқын алды. Көп қабатты тұрғын үйлер қаланың көркін келтірсе, сонымен қатар аулалар абаттандырылып, балалар және спорт алаңдары салынды. Қысқы кезеңде тұрғындар мен жастардың спортпен айналысуы үшін мұз айдындары жасалды. Осыған орай бірлесіп іс тындырғаны үшін жұртшылыққа алғыс айтқан қала басшысы жаңа жылда да Елбасы тапсырмасына сәйкес көптеген жоба-жұмыстар жоспарланып отырғанын атап өтті. Бас шырша жанында концерт қойылып, халық серуендеп, бір жасап қалды. Жаңа жыл келе жатқанын білдіргеніндей, бұл күні жапалақтап қар да жауды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұханғалиевтің айтуынша, 22 желтоқсан күні қалада барлығы жеті шыршаның шамы жағылды. Жаңажылдық шараларды өткізуге биыл 14,153 млн теңге (өткен жылы - 7,144 млн теңге) бөлінді. Айта кетейік, 31 желтоқсан күні кешкісін бас шырша орнатылған жаңа алаңда жаңажылдық мерекелік бағдарлама қойылып, ол отшашуға ұласатын болады. Осындай шара Абай атындағы алаңда және басқа жерлерде де ұйымдастырылады.

received_10210685312541376 received_10210685312021363

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале