30.11.2018, 11:37
Оқылды: 45

Оралдағы жәрмеңкеде 200-ден астам жұмыс орны ұсынылды

Оралдағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 39 жұмыс беруші қатысып, 200-ден астам бос жұмыс орынын ұсынды.

 Темирболат Токмамбетов01

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге келгендердің дені жастар. Көбісі өз мамандықтары бойынша жұмыс таппай жүр. Орал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұржан Аткешовтың айтуынша, жыл басынан бері ұйымдастырылған осы шараның нәтижесінде 3200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жастардың тікелей жұмысқа орналасуына мұрындық болатын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 561 жас жұмысқа орналасса, әлеуметтік жұмыс орындарына 70-ке жуық адам еңбекке тартылған.

-Бізге бүгінгі таңда слесарь қажет, қазірдің өзінде 20-дан астам түйіндемені алып қалдым. Бұл түйіндемелердің барлығын техникалық директорға апарып беремін. Басшы қарап, қажетті мамандық иелерін таңдап алады. Осы жәрмеңкенің арқасында осы күнге дейін 10 адамды жұмысқа алдық, - дейді «ЖайықЖылуҚуат» ЖШС-ның кадр бөлімінің басшысы Ранида Спашова.

Кондитерлік өнімдер дайындайтын «Казкон» фабрикасы 15 адамды жұмысқа алуға ниет білдіріп отыр. Аталмыш фабриканың қызметкері Мұрат Қаженов өндірістің артуына байланысты жас мамандар ауадай қажет екенін айтады. 30-дан астам түйіндемені қабылдаған ол дипломын енді алған мамандарды үйретуге дайынбыз деп отыр.

Жәрмеңкеде сондай-ақ өз ісін бастағысы келетіндерге тегін кеңес беретін бұрыш ұйымдастырылды.

Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов08 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов12

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале