9.07.2020, 12:22
Оқылды: 155

Оралдағы жедел жәрдем станциясына 2 ай ішінде 37 көлік сатып алынады

Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясы мәлімдеді.

DAF7E03F-7736-4834-A72C-E410021A34E2

- Облыста күніне жедел жәрдем қызметіне хабарласатындар саны 600-ден 1100-ге дейін өсіп отыр.

Осыған байланысты жедел жәрдем бригадаларының саны көбейтілді. Қазір 61 бригада жұмыс істеп тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 көлікке артық.

Шақырулардың көптігіне байланысты жедел жәрдем кейбір науқастарға жай жетуі мүмкін. Алайда, адам өміріне қауіп төнген жағдайда жедел жәрдем қызметі еш кідіріссіз жетуі тиіс.

Алдағы 2 ай ішінде жедел жәрдем станциясына тағы 37 көлік сатып алынатын болады, оның ішінде 20 реанимобиль, - деді Ғ.Есқалиев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале