19.01.2018, 18:56
Оқылды: 18

Оралдағы «Жедел жәрдем» стансасының диспетчерлік қызметі автоматты басқару жүйесімен жұмыс жасауда

Бұл жайлы бүгін облыс активі жиынында облыстық наркологиялық диспансері директорының орынбасары Арман Мырзаxметов айтты.

– Мемлекет басшысы Жолдауда денсаулық саласын сандық технологияға көшіру және ақпараттық-түсіндіру жұмысын кешенді жүргізудің маңызын атап көрсетті. Облыстағы медициналық ұйымдардың бәрі ақпараттық-талдау жүйесін қолданады. Соған сәйкес электронды медициналық картада дәрігерлердің емдік нұсқаулары толық көрсетіледі. Медициналық ақпараттық жүйе арқылы емделушінің электронды құжатын қолданысқа енгізу үшін биылдан бастап облыстық клиникалық аурухана мен №3 қалалық емханада пилоттық жоба жүзеге асуда. Облыс орталығындағы емханалар мен «Деркөл» дәрігерлік амбулаториясында электронды кезек жүйесі енгізілді. Үш емхана бойынша «Жұқпалы емес ауруларды басқару» бағдарламасын іске асыру мақсатында дәрігер мамандар оқу курстарынан өтуде. Алдағы уақытта бұл бағдарлама аудандық ауруханаларда да қолданылатын болады. Былтыр «Жедел жәрдем» стансасының диспетчерлік қызметі автоматты басқару жүйесіне ауысты. Қаладағы «жедел жәрдем» стансасының базасында бригадалардың қызмет ету деңгейін бақылап отыратын күрделі жағдайлар орталығы құрылды. Мұндай реформалар жүйелі түрде жүзеге асатыны мәлім. Облыстағы денсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медицианылқ сақтандыруға кезең-кезеңімен көшеді, - дейді Арман Мырзаxметов.

Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале