27.12.2018, 15:15
Оқылды: 59

Оралдан Қытайға қой еті жөнелтілді

Биыл қараша айында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында сол елдің басшысы Си Цзиньпиннің бастамасымен өткен халықаралық көрмеде «Кублей» ЖШС басшылығы Қытайдың «Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co., Ltd» компаниясымен екеуара келісімге қол қойған еді. Аталған меморандум бойынша «Кублей» ЖШС Қытай Халық Республикасына бес жылдың ішінде 20 мың тонна сиыр және қой етін эскпорттау керек. Бүгін 18 тонна мұздатылған қой еті тиелген алғашқы вогон Қытай елінің Үрімші қаласына жөнелтілді.

WhatsApp Image 2018-12-26 at 23.05.26

         Өңіріміздің ет өндіру саласындағы ірі кәсіпорын саналатын «Кублей» компаниясы өз қаражаты есебінен 2016 жылы жылына 20 мың тонна ірі қара және ұсақ мал союға арналған кешенді іске қосқан болатын. Бір жылдан соң аталған кәсіпорын Қытай елін ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ететін ірі компаниялар қатарынан енді. Жоғарда аталған компаниялар елімізден экспортталатын еттерге карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға да қол қойды.

Екі ел арасында ветеринариялық сертификат жасақталып, биылғы жылдың қазан айында шекара бекеттері ашылды. Елбасы Жолдауында айтылған экспорт әлеуетін жетілдіруге «Кублей» ЖШС мол үлесін қосып, Ресей Федерациясы, Түркіменстан, Қырғызстан, Иран, Қытай секілді елдерге ет экспорттап отыр.

-Бүгін біздің өңірден Қытай Халық Республикасына қой етінің алғашқы легі жөнелтілгелі тұр. Биыл Ауыл шаруашылық Министрлігі бекіткен жоспарға сай біздің өңірден 2200 мың тоннадан астам ет және ет өнімдерін экспорттау керек болатынбыз. Сол меженің төрттен бірі осы «Кублей» кәсіпорынына тиесілі. Біздің өңір мал өсіру және ет экспорттау бағытындағы әлеуеті жоғары облыстардың қатарында. Алдағы уақытта да табиғи жағдайда өскен малдың сапалы өніміне сұраныс арта береді деп сенемін,-деді алғашқы вогонға ет тиелуіне қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов.

Айта кетейік, екі компания арасындағы келісімнің құны 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Жақын күндері мұздатылған қой етінің екінші легі Қытай еліне тиелетін болады.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале