30.12.2016, 16:31
Оқылды: 26

Оралда тағы 171 отбасы баспаналы болды

temirbolat-tokmambetov4-1Бүгін Орал қаласындағы Қонаев атындағы шағын ауданда 9 қабатты үйдің 171 пәтердің есігі тұрғындарға айқара ашылды.


Үйдің құрылысы 2014 жылдың қараша айында «Нұрлы жол» бағдарламасы ауқымында басталған. Тапсырыс беруші – «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ. Үй кешенінде бір бөлмелі 90, екі бөлмелі 36, үш бөлмелі 45 пәтер бар. Жалпы көлемі – 10 449,18 шаршы метр. Баспана қала әкімдігінде тұрғын үй кезегіне алынғандарға жəне "Тұрғынүй құрылысжинақ банкі" салымшыларына берілді. Үйдің әрбір кіреберісінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орналастырылған.

temirbolat-tokmambetov2-1- "Нұрлы жол" бағдарламасының игілігі мол. Жаңа жыл қарсаңында қоныстойын атап өтетіндер көбейді. Жаңа ғана Зашаған кенті тұрғындарына 5 көп қабатты үйді табыстадық. Облыс экономикасы, құрылыс саласы жылдан-жылға даму үстінде. Баспанаға мұқтаж адамдар жаңа пəтерлерге қол жеткізуде. Өңірімізде биыл 230 мың шаршы метрді құрайтын 1500 пəтер пайдалануға берілді. Қоныс құтты болсын! Бұл - біз үшін үлкен жетістік. Жаңа үйдің құрылысын сəтті аяқтаған "СВ Плюс" ЖШС-на алғыс айтамыз, - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

Сахнадағы салтанатты шарадан кейін пəтерлер иелеріне баспана кілттерін табыстау əрбір кіреберістің алдында жалғасын тапты.

Нұрлыбек Рахманов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале