5.11.2018, 17:22
Оқылды: 67

Оралдық алты ұстаз Финляндияда оқиды

 Облыстағы колледждер арасында алғаш рет Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде BIM (building information modeling) технологиясын енгізу бойынша жоба қолға алынды.

6 fin

Білім ошағының директоры Серік Мұхамбетәлиевтің айтуынша, техникалық-кәсіптік білім беру жүйесінде BIM-технологиясын енгізу жобасы үш кезеңмен жүргізілуде. Қыркүйек айында Фин елінің «Collaprime» компаниясының сарапшы мамандары келіп, колледжде BIM-технологиясын енгізу жобасының маңыздылығы және қай бағытта қолданылатынындығы жөнінде түсіндірме семинар өткізген. Жобаның екінші кезеңінде финдік сарапшылар өз елдерінде отырып, колледждің 12 мұғалімін онлайн вебинар бойынша оқытуда.

- Бұл жобаның негізгі мақсаты «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында айтылғандай, 3D жобасын енгізу. 3D жобасы құрылыс, мұнай-газ саласында жобалау істерін тиімді бағытта жүргізеді. Жобаның үшінші кезеңі бойынша қараша айының 11-нен бастап колледждің алты ұстазы Финляндия еліне барып, сол жерден тәжірибеден өтетін болады. Әрқайсына бір сарапшы тағайындалып, 3D жобасының сол елде қалай қолданылатыны бойынша жұмыстанады, бір жобаны қорғайды. Елге келген соң, алған білімдерін оқу үрдісінде пайдаланатын болады. Біздің мамандарымыз осы жобалауды өндірісте қолданады деген сенімдеміз. Облыс әкімдігінің қолдауымен бюджеттен 133 млн. теңге қаражат бөлінді. Қараша айының соңында жаңа технология әкелініп, Фин елінің мамандары құрып береді, - дейді Серік Хайырұлы.

Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале