9.07.2019, 16:25
Оқылды: 396

Оралдық бүлдіршін республикалық байқаудан бас жүлдемен оралды

Жуырда Астана қаласында «Нұрталап – 2019» республикалық өнер байқауы өтті.

 1

Аталмыш байқаудан оралдық бүлдіршін Ахат Утегенов вокал жанры бойынша бас жүлде алып келді. Кішкентай Ахат қаладағы №36 «Балақай» бөбекжайының тәрбиеленушісі.

3

-Ұлымыз қатысқан алғашқы байқау емес. Осы уақытқа дейін республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орын алып жүр. Биге де икемі бар. Бұл байқауға 3 пен 6 жас аралығында 32 бала қатысты. Өнер бәйгесіне Өскемен, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облысынан да балалар келді. Әннен бөлек, балғындар хореография, аспапта ойнау, мәнерлеп оқудан бақ сынады. Ахат «Ақ мамам» атты ән орындады. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген баламыздың қабілетін шыңдай білген музыкадан жетекшісі Айнұр Серғалиева мен тәрбиешісі Гүлбақыт Қашкынбаеваға алғысымыз шексіз,-дейді жас өреннің анасы Эльмира Тургалиева.

Айнұр Ерікқызы,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале