31.03.2017, 16:48
Оқылды: 29

Оралдық құтқарушылар қаланың су басқан аудандарынан су айдау жұмыстарын жүргізуде  

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Асан, Зашаған және Деркөл ауылдарының көшелерінде, тұрғын үйлеріндің аулаларында суды айдау мен сору жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Су тасқынының алдын-алу шараларына жасақтың барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Күнделікті су басудың салдарын жоюға 2 автокөлік пен 6 мотопомпа қолданылды. Бүгінгі күнге дейін БҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушыларымен 1800 текше метр су айдалды.

Су басу аймақтарында жұмыстар күні-түні жалғасуда. Сонымен қатар құтқарушылар күнделікті Жайық, Шаған және Деркөл өзендері жағдайына мониторинг жүргізіп, қар суының басу қаупі бар аймақтарды бақылап отырады.

Қаланың су басқан аймақтарында аса маңызды объектілер штаттық режимде жұмыс жасап жатыр, құрбандар мен жәбірленушілер жоқ.

Абдрахманова Л.

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының

 бас құтқарушы-психолог

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале