31.10.2019, 18:33
Оқылды: 210

Оралдық оқушылар қариялардың батасын алды

Бүгін облысымызда халықаралық қариялар күні басталған бір айлық қайырымдылық айлығы қорытындыланды.

Қариялар – біздің қазынамыз. Немерелер ата-әжесімен бақытты болса, еліміз қазыналы қарттарымен еңселі. Қоғамымызда қамкөңіл қариялар да бар. Алайда оларға қайырымдылық көмек көрсету, қамқорлық жасау, жанашырлық таныту уақыт өте арта түсуде.

de6230b4-42f2-4765-94f3-d7b965909029

Қайырымдылық айлығы кезінде №42 «Ақ ниет» гимназиясының 4 «д» сынып оқушылары ұстаздары Бибігүл Нигметованың және ата-аналарының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы қарттар үйіне концерттік шара өткізді. «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» деген тақырыппен өткен мерекелік шарада бүлдіршіндер ән, би, тақпақтарын айтып, өнерден шашу шашты. Қарттар үйіндегі қариялар кішкентай бүлдіршіндердің өнерін үлкен тебіреніспен, риза көңілмен қабыл алды. Ислам Мұрадымұлының «Қарттарым, аман-сау жүрші» өлеңі, Мансұр Серікқали әкесі Рүстеммен қосыла шырқаған «Әке мен бала» әні, Ислам Сағынтайдың анасы Айнұрмен бірге орындаған «Ана мен бала» әні жүректі тебірентпей қоймады. Қыздардың мың бұралған биі, балалардың мәнерлеп оқыған тақпақтары қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлады. Балалар ата-әжелермен бірге суретке түсіп, тіпті әдемі әуенге ілесіп би де билеп алды.

d8e73203-9cc1-4561-a4f9-b99c60eb3d47

Ата-аналардың ұйымдастырылуымен 100 адамға арнап жасалған тәтті, дәмді сыйлықтар табыс етілді. Қариялар балаларға арнап бата беріп, алғыстарын жаудырды.

Балалар қарияларға бір сәт болса да қуаныш сыйлап, кішкентай жүректерімен ата-ана алдындағы перзенттік борышты түсініп, қазыналы қарияның орны өз отбасындағы төр екенін ұғынғандай болды.

Өскелең ұрпақ осы жайлы жасынан біліп өссе, қоғамдағы ата-анасынан жатбауыр боп жүрген ұл-қыз болмас па еді? Қарттарымызды үйіміздің төрінен, немерелерінің қасынан көрейік, ағайын!

339195d5-fe9d-40ff-bb4e-98ef5f76b303

Гүлфия Ниетова,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале