15.11.2019, 18:40
Оқылды: 419

Оралдық оқушылар Президенттік олимпиададан жүлде алып келді

Бүгін Теміртау қаласынан оралдық оқушылар жаратылыстану-математика бағыты бойынша XIІ Президенттік олимпиадасынан жүлде алғаны жөнінде сүйінші хабар жетті.

nis (5)

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Максим Ким, Білім-Инновация лицейінен Иманғали Мырзабайұлы абсолютті жеңімпаз атанып, алтын медаль тақты.

nis (4)

Ал қаламыздағы № 35 мектеп-лицей оқушылары Мария Клосс пен Ануар Сағымбаев үздік үштікке еніп, елге қола медаль алып келді.

nis (3)

Республикалық жарысқа қатысу мүмкіндігіне Қазақстан бойынша 172 оқушы ие болды.

nis (2)

Еліміздің әр өңірінен жиналған мықтылар екі күн бойы физика, математика, химия және биология пәндері бойынша бақ сынасты.

– Олимпиаданың тапсырмалары күрделі әрі қызықты болды. Әр пән бойынша дайындаған ұстаздарыма алғыс айтамын. Менің қарсыластарым да осал емес. Олардан үйренгенім көп болды, - дейді Оралдағы НЗМ оқушысы Максим Ким.

Қазылар алқасының құрамында өткен жылдардағы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың жеңімпаздары, бүгінде еліміздің алдыңғы қатарлы және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары бар.

Айта кетейік, оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы білімдерін тереңдету, дамытуға бағытталған беделді олимпиада 2008 жылдан бері Елбасының бастамасымен өткізіліп келеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер отандық жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Айдана Хамидуллина

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале