24.04.2017, 18:09
Оқылды: 35

Оралдық оқушылар халықаралық сайыстан жүлделі оралды

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені оқушылары «RoboLand-2017»  робот техникасы фестивалінде табысты өнер көрсетті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған халықаралық сайыс Қарағанды қаласында өтті.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей елдерінен барлығы 549 команда қатысып, түрлі санат бойынша сынға түсті.

Аталған мектептен үш бірдей команда кегельринг квадро х 2, экороботтар және шығармашылық санаттары бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысында «Kerderi» командасының мүшелері Дулат Мұратов пен Әлібек Залмұқанов «Қоршаған ортаны қорғау. Экороботтар» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы үшін бірінші орын алды.

Сондай-ақ кегельринг квадро х 2 санаты бойынша «Ну, погоди!» командасының мүшелері Дәулет Ерсайынов пен Дәуірбек Сақтаров та топ жарып, жеңімпаз атанды. Ал «Стрела» командасына (Расул Сидихов пен Мақпал Амангелдиева) сертификат табыс етілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен, кубокпен марапатталды. Айта кетейік, командалардың жетекшісі - Жеңіс Шоңбаев.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале