30.11.2018, 18:43
Оқылды: 64

Оралдық шәкірттер жеңімпаз атанды

 Оралдық ағайынды оқушылар республика бойынша олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенованың «Тегін ІТ-сыныптар» партиялық жобасы аясында өткізілген онлайн олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын бейнеконференция байланысы режімінде марапаттау кеңесінде айтылды. 

IMG_2806[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша Елбасы тапсырмасына сәйкес партия 20 жоба жасақтаған болатын. Соның бірі - күллі еліміз бойынша үш жыл ішінде 1000 ІТ-сыныптарын ашу жобасы.  Биыл еліміз бойынша 700 сынып, БҚО-да 15 ІТ-сыныбы ашылды. Соның үшеуі - Оралда, қалғандары аудандарда. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істейтін сыныптарда оқушыларды «СТЕМ Академия болашақ инжиниринг» компаниясы бағдарламасымен робототехника, бағ­дарламалау, 3D модельдеу бағыттары бойынша, яғни халықаралық стандарттар негізінде оқытады. Партия мен «СТЕМ» компаниясы осы ІТ-сыныптарында не бары үш ай оқитын  балалар арасында онлайн режімде олимпиада өткізген болатын.

3D модельдеу бағыттары бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 11 және 8-сыныптардың оқушылары ағайынды Ернар және Данияр Жолдығали 1-орын алды. Қос жеңімпазға мақтау қағаздары, онлайн тегін оқуға сертификаттар және ноутбуктер табыс етілді. Олимпиадаға барлық өңірден 5 мыңнан астам ұл-қыз қатысқанын ескерсек, бұл  үлкен жетістік. Ал Шыңғырлау ауданындағы Л. Қылышев атындағы орта мектептің 8-сынып шәкірттері Тәңірберген Нұрислам, Карим Шон, Оралдағы Оқушылар және жастар сарайындағы ІТ- сыныбының тәрбиеленушісі Арсен Алдабергенов олимпиада жақсы нәтиже көрсетіп, онлайн тегін оқуға сертификат алды.

2019 жылы облыста 50 ІТ-сыныбын ашу жоспарланған, оның  24-і  аудандарда, 26-сы  -  Оралда. 2020 жылы  тағы осындай 50 сынып ашылмақ.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz,

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале