30.09.2019, 11:32
Оқылды: 326

Оралдық жастар ардагерлермен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «ЖЕҢІС» республикалық қайырымдылық жобасы аясында Ұлы Отан соғысына арналған «Жеңіс тарихы» шарасы өтті. Іс-шара «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен өтті.

20190928_183545

Үлкен буын мен жас ұрпақ арасындағы байланыстарды нығайту үшін азаматтық-патриоттық тәрбиелеудің рөлі артады. Патриоттық сезім бала кезден қалыптасады, адаммен бірге өседі. Қазіргі оқушылар Ұлы Отан соғысы туралы сұрақтарға толық жауап бере алмай жатады. Сондықтан бұл шарада орта буын мен өскелең ұрпақтың ардагерлермен кездесуі өткізілді.

Іс-шараға және жобаға И.А.Дунько, В.М.Бредихина, В.П.Варфаломеева, М.А.Мухамбетов қатысып, Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер айтты. Шара барысында «Верные друзья» фильмі көрсетіліп, ардагерлер мен волонтерлер арасында жақсы сұхбат болды. Соңыңда ардагерлермен естелік суретке түсіп, сыйлықтар берілді.

«Жеңіс» - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шаралар кешенінен тұратын республикалық ауқымдағы қайырымдылық жоба. Ол қазақстандық қоғамды патриоттық рухта тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, ардагерлердің тарихы мен ерліктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатын көздейді. Бұл жобаны "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының белсенді жастары мен қызметкерлері қатарынан ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар, волонтерлер жүзеге асырады және «Жеңіс туралы есте сақта!» акция шеңберінде өтті.

«Жеңіс» жобасы аясында 2015 жылдан бастап 4000 Ұлы Отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккеріне қаржылай, шаруашылық бойынша көмек көрсетіліп, салтанатты түскі ас және концерттер ұйымдастырылды.

К.Жармұхамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале