5.04.2017, 13:07
Оқылды: 25

Оралдық жастар Санкт-Петербургтегі лаңкестік құрбандарын еске алды

Орал қаласындағы Ресей елшілігінің ғимаратының алдына жиналған жастар жуырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында болған лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алып, олардың рухына арнап гүл  шоқтарын қойды.


 

–Санкт-Петербург қаласын тарихи ғимараттары мен мәдени ошақтары шоғырланған көненің көзі ретінде жақсы білеміз. Жазықсыз жандардың мезгілсіз ажал құшуы қабырғамызды қайыстырады. Әлемнің ешбір елінде лаңкестік болмасын деп тілейміз. Біз бейбіт елде өмір сүргіміз келеді,-дейді қаланың жас тұрғыны Ержан Әбілқасымов.

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург қаласының метросында жарылыс болды. Соның салдарынан 10-нан астам адам мерт болып, 50-ден астам жолаушы жарақаттанған.

 Айым ТӨЛЕУҒАЛИЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале