12.10.2018, 16:46
Оқылды: 61

Оралдық жастар шахматтан әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасовпен кездесті

 Орал қаласындағы «Bastau» коворкинг орталығында облыстың жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен студенттер қауымы қазақстандық шахматшы, гроссмейстер, жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Дәрмен Сәдуақасовпен кездесті.

dauren

Басқосу облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Болашақ» корпоративтік қорының «Болашақ кәсіби өсім және мансап орталығы» жобасы негізінде ұйымдастырылды. «Жетістікке жетудің жолы» тақырыбында ұйымдастырылған кездесуде жетістікке жету сыры, бизнес бастау, ішкі туризмді дамыту, жасөспірімдерді шахматқа баулу мәселелері төңірегінде ой қозғалды.

 Жиында Дәрмен Қанатұлы «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқудың тиімділігін, артықшылығын түсіндірді. Сондай-ақ ол тер төгіп жасаған еңбектің нәтижесі болатынын жеткізді.

Гүлсезім БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале