2.05.2019, 15:48
Оқылды: 61

Оралдық зияткер Санкт-Петербургте ел намысын қорғайтын болады

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Мәди Лұқманов Нұр-Сұлтан қаласында өткен AIFC Finance Olympiad сайысында І орынды иеленді.

Безымянный

         Жарыста Қазақстанның әр өңірінен қатысқан 67 жоғары сынып оқушысы экономика, қаржылық сауат, бизнес бойынша білімдерін ортаға салды. Үш кезеңнен тұратын олимпиадада қатысушылардың экономика негіздерін түсіну және саралай алуы, қаржылық сауаттылық деңгейі сыналып, бизнес-кейсті шешу туралы тапсырмалар берілді.

         Олимпиадада үздік бестікке енген қатысушылар ұлттық құраманың негізін құрайды. Олар жаз айында Санкт-Петербургте өтетін экономикадан халықаралық олимпиадада еліміздің намысын қорғамақ.

         – Менің ойымша, олимпиада мені жаңа қырымнан аша түсті. Енді халықаралық жарысқа дайындаламын. Олимпиадаға Мәскеуден тәуелсіз сарапшылар келді. Олардың бізге берген бағасы жоғары болды, – дейді Мәди.

         Айта кетейік, Мәди – Tech Central Asia стартап конкурсының жеңімпазы. Оралдағы Зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған команда қызмет көрсету сапасын анықтаудың автоматтандырылған жүйесін ойлап тапқан болатын. Қазір оларға арнайы белгіленген маман өнімді ұсынудың тиімді жолдары, компаниялармен қарым-қатынас, тестілеу өткізудің қыр-сырын үйретуде.

Оралдағы Назарбаев зияткерлік

мектебінің баспасөз қызметі

экономика олимпиада

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале