18.06.2019, 10:22
Оқылды: 93

Оралдықтар цифрлық технологияларды тегін үйренеді

2019 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін қала тұрғындары цифрлық сауаттылықты арттыру курсын тегін оқиды. Курс қалалық мектептерде өтеді, деп хабарлайды Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

7

БҚО бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалдарының өкілдері мен ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының мамандарының дайындығынан өткен 40 тренер халықты цифрлық сауаттылыққа үйретеді.

Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

-«Базалық цифрлық дағдылар». Дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғы, интернет желісін пайдалану.

 -«Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер». Қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін e-gov электрондық үкімет веб-порталын пайдалану.

-«Ашық Үкімет». Ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді, ашық диалог пен бюджетті пайдалану.

- «Электрондық сауда». Тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары.

-«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері». Дербес деректерді қорғау дағдысы және ғаламтордағы жұмыс қауіпсіздігі.

Курсқа тіркелу үшін сall орталығының 24-84-24 нөміріне хабарласасыз. Көрсетілген нөмірге басқа да сұрақтарыңызбен хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале