29.08.2019, 18:51
Оқылды: 418

Оралдықтар Эльбрус шыңын бағындырмақ

 -Кеше ғана қаладағы «Uralsk Runners» қозғалысының белсенділері Эльбрус шыңын бағындыру үшін жолға шықты.

f_1

Ол үшін қаладағы демалыс саябағында арнайы спорттық шаралар ұйымдастырылды. Қаланың туын байдаркамен жүзушілер жүгірушілерге, олар велошабандоздарға табыстаса, эстфетаны байкерлер «Uralsk Runners» қозғалысының мүшелеріне берді. Бастамашыл топ өкілдері Еуропадағы биік шыңның бірі - Эльбрусқа бет алды. Құдай сәтін салса, 7 қыркүйек шыңды бағындырып, басына қаланың туын тікпек, - деді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде.

Динара Насыр,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің тілшісі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале