29.09.2017, 17:44
Оқылды: 22

Оралдықтар ертең Марлен және Әнелмен кездесе алады

IMG_036430 қыркүйекте  сағат 12:00-де «Сити орталығы» бизнес орталығының 6-қабатындағы конференц-залда (Есқалиев, 177) «ІІІ қайырымдылық гранд бал» шарасын өткізу бойынша брифинг өтеді.


Биыл ІІІ қайырымдылық гранд бал шарасы «Love for ALL» - «Бар махаббатпен» тақырыбын ту етіп отыр. Қайырымдылық бал кешінің биылғы басты кейіпкерлері ауыр сырқатқа шалдығып, бірге жеңе білген Марлен мен Әнел. Шара аясында жиналған қаржы басты кейіпкерлерімізге және ауыр дертке шалдыққан жастардың еміне жұмсалынатын болады.

Брифингке шараның бас ұйымдастырушысы Алпамыс Шаримов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев, «Евровидение» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов, «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының жоба авторы, тележүргізуші Жанар Байсемізова және ауыр дертке шалдықса да, қиындыққа мойымай дертті жеңген қос ғашық Марлен мен Әнел қатысады.

Ұйымдастырушылар қайырымдылық балының мақсаты, жоба аясындағы өткізілетін шаралар туралы кеңінен айтатын болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале