28.06.2019, 11:27
Оқылды: 357

"Оралдықтар мені жақсы қарсы алды"

Былтырғы маусымды «Байқоңыр» сапында өткізген Ерболат Рүстемов биыл «Ақжайық» жанкүйерлерін өзінің тамаша өнерімен баулып алды. Сырдың екінші командасымен болатын ел біріншілігінің кезекті туры алдында клубтың баспасөз қызметі Ерболат Рүстемовтен сұхбат алды.

 aqjaiyqfc (9)

-Ерболат, «Ақжайық» сіз үшін Қызылорда аумағынан тыс алғашқы команда. Маусым басында үйренісу қиын болған жоқ па?

-Футболшы болғаннан кейін бұндай жағдайларға дайын болуың керек. Сондықтан іштей дайындалып келдім. Бірақ, командаға сіңісіп кету оңай болды. Өйткені командадағы жергілікті жігіттер жақсы қарсы алды.

 aqjaiyqfc (2)

-Орал ұнап жатыр ма?

-Оралдың тамаша табиғаты мен кеудеңді кере тыныстайтын таза ауасы туралы көп естігем. Футболдың арқасында сол айтылғандардың барлығы рас екеніне көзімді жеткіздім. Әрине, әркімге туған жері ыстық. Бірақ Орал қазақ елінің тамаша бір бөлігі.

aqjaiyqfc (7)

 

-Бірнеше жыл «Байқоңыр» сапында доп тептіңіз. Есіңізге «Байқоңыр» сапындағы үздік маусымыңызды түсірсеңіз.

-Ол 2017 жылғы маусым. Сол жылы біз тамаша өнер көретіп, маусымды 5-орынмен аяқтағанбыз.

 aqjaiyqfc (8)

-Бұрынғы командаңыздың биылғы аяқ алысы қалай? Бақылап жүресіз бе?

-«Байқоңырдың» биылғы қарқыны жаман емес. Өз деңгейлерін көрсетіп жүр. «Астана-M», «Қайрат-Жастар» командаларын жеңді.

aqjaiyqfc (1)

-Қазіргі «Байқоңыр» сапында өзіңізбен бірге ойнаған жігіттер бар ма?

-Иә. Командадағы жігіттердің барлығын білемін. Бірге ойнаған достарым десе де болады.

-«Байқоңырда» жүріп «Ақжайыққа» қарсы ойнадыңыз ба?

-2015 жылы болған қос команда тартысына қатысқам. Ол матчта «Байқоңыр» жеңіліс тапты.

-Қысқа мерзім ішінде оралдық футболсүйер ағайынның сүйікті ойыншыларының біріне айналып үлгердіңіз. Десе де әлі гол соқпадыңыз. «Ақжайық» сапындағы дебютті голыңызды туған қомандаңызға қарсы ойында соқсаң қуанасың ба?

-Оралдық жанкүйерлер ренжімесін. Бірақ тойламаймын. Өзімнің футболшы болып қалыптасып, шеберлігімді шыңдаған командаға деген құрметімді солай көрсеткім келеді.

Түгелбай Бисен,

«Ақжайық» футбол клубының

баспасөз хатшысы

сурет: Айбатыр Нұраш

aqjaiyqfc (6) aqjaiyqfc (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале