22.03.2018, 14:15
Оқылды: 70

Оралдықтар жаңа алаңда Наурыз мейрамын тойлауда

Ақ Жайық жұртшылығын облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов пен Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады. Күннің суықтығына қарамастан жиналған халықтың қарасы көп болды, деп хабарлады алаңнан тілшіміз Айымгүл Төлеуғалиева.

«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын, ағайын! Ауа райының салқындығына қарамастан, кеңінен тойланып жатқан Наурыз баршаға жылылық, құт-береке әкелсін. Наурыз мерекесін қазақ халқы өзге ұлт өкілдерімен бірге тойлап келеді. Осының бәрі - тәуелсіздік пен ел бірлігінің арқасы. Бірліктің нәтижесінде Қазақстан әлемнен өз орнын тауып, үлкен табыстарға қол жеткізуде. Елбасының салиқалы саясаты мен нақты бағдарламалары арқасында біз Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдыра аламыз. Бұған әр азаматтың үлес қосқаны маңызды. Наурыз әр отбасыға ырыс-береке әкелсін, еліміз дамып, гүлдене берсін!», деді сөзін мемлекеттік тілде бастаған Игорь Стексов.

Алаңда оннан астам киіз үй тігілді. Қала тұрғындары мен қонақтары киіз үйге бас сұғып, салт-дәстүрімізден көріністер тамашалады. Ұлттық ойындарға кезек берілді. Жастар алтыбақан тепсе, үлкендер мерекелік қойылымдарды тамашалады. «Наурыз - көктем сәлемі» атты театрландырылған мерекелік концерт қойылды. Концертке 200-ден астам өнерпаз бен шығармашылық ұжымдар қатысты. Олардың арасында «Ақжайық» халықтық ән-би ансамблі, үлгілі «Қызғалдақтар», «Назерке» халықтық би ансамбльдері, «Әжелер сәлемі», «Ару аналар» ансамбльдері бар.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

nauruz (1) nauruz (2) nauruz (3) nauruz (4) nauruz (5) nauruz (6) nauruz (7) nauruz (8) nauruz (9) nauruz (10) nauruz (11) nauruz (12) nauruz (13) nauruz (14) nauruz (15) nauruz (16) nauruz (17) nauruz (18) nauruz (19) nauruz (20) nauruz (21) nauruz (22) nauruz (23) nauruz (24) nauruz (25) nauruz (26) nauruz (27) nauruz (28) nauruz (29) nauruz (30) nauruz (31) nauruz (32) nauruz (33) nauruz (34) nauruz (35) nauruz (36) nauruz (37) nauruz (38) nauruz (39) nauruz (40) nauruz (41) nauruz (42) nauruz (43) nauruz (44)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале