10.06.2017, 20:06
Оқылды: 21

Оралдықтардың қолдауы

2017-06-10-19-54-37-610Бүгін Достық үйінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау мақсатында «Біз ЭКСПО-ны қарсы аламыз» атты шара өтті.

БҚО ҚХА ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов пен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов қатысты.

Бұл көрме тәуелсіз Қазақстанның ең  көлемді жобасы болып отыр. Айта кетсек,  2012 жылғы 22 қарашасында Халықаралық көрме бюросының (ХКБ)  Бас ассамблеясы кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің орны ретінде Астана қаласы таңдалған болатын. Бұл көрмеге 100-ден астам ел  қатысуда. Еліміздің болашағы үшін маңызы зор көрмеге қолдау білдірейік, сіз бен біз болып жақсы өтуіне атсалысайық,-деді  БҚО ҚХА төрағасының орынбасары  Ғайса Хамидоллаұлы.

Сондай-ақ өз кезегінде сөз алған «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов көрменің Қазақстан халқы үшін маңызы зор  екенін атап өтті.

Шара мектеп оқушылары мен студенттердің шырқаған әсем әуендерімен, мың бұралған билерімен қыза түсті.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале