1.04.2020, 14:54
Оқылды: 88

Оралдың басты көшелері дезинфекциялануда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай мен шаһарды дезинфекциялау жұмыстары қалай жүріп жатқаны баяндалған арнайы брифинг өтті. Оған Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай мен БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев қатысты.

 

98b33bad-e0e3-428d-b938-d35ce7a2b6da

-Қала аумағын дезинфекциялау жұмыстарына «Жайық таза қала» мекемесінің жұмысшылары мен төтенше жағдай департаментінің мамандары жұмылдырылды. Аталған жұмыстарға төтеншеліктер 60 сарбаз, үш арнайы техника, «Жайық таза қала» мекемесі 5 су шашу техникасы мен 20 адам бөлді. Сонымен қатар бұл іске жеке дезинфекциялау кәсіпорындары да тартылуда. Жұмыстар негізінен қаланың басты көшелерінде жүретін болады. Қазіргі таңда Еуразия және Н.Назарбаев даңғылдары мен Құрманғазы, Мұхит, Сарайшық көшелерін залалсыздандыру жұмыстары өтті. Енді арнайы бригада күшімен Әбілхайыр хан даңғылы, Сырым Датов, Гагарин көшелері дезинфекцияланады. Сондай-ақ контейнерлік алаңдарды да дезинфекциялау жұмыстары өтуде. Қала аумындағы 600-ге жуық контейнерлік алаңдардың барлығы бір реттік залалсыздандыру жұмыстарынан өтті. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасатын болады. Қала іші мен маңына қатынайтын 400-ге жуық автобус күн сайын дезинфекцияланып тұрады. Бұдан басқа қаламызда 107 пәтер иелерінің кооперативі бар. Қазір олардың 76-сы 712 мың шаршы метр аумақты дезинфекциялады. Сонымен қатар саябақтар мен тынымбақтар да залалсыздандырылуда. Дезинфекциялау жұмыстары 15 сәуірге дейін жалғасатын болады. Барлық басты көшелерді залалсыздандыру туралы жоспар бекітілді. Күн сайын аталған жоспардың орындалуы тексеріліп, арнайы бригадаларға жаңа тапсырмалар беріліп отыратын болады,-деді қала әкімінің орынбасары.

Мирас Рүстемұлы қалаға кіре-берістерде қойылған блокпосттар жайына да тоқталды. Алғашында 8 блокпост болады деп жосарланғанмен күні кеше 9-шы бекет ашылған. Олардың барлығына қажет деген азық-түлік пен су жеткізілген. Уақытша тұруға қажетті палаткалар және жарық орнатылған. Ол жерлерде арнайы құрылым өкілдері, дәрігерлер мен әкімшіліктің арнайы штаб қызметкерлері жұмыстануда.

Түгелбай БИСЕН,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале