26.03.2018, 18:52
Оқылды: 51

Оралдың көшелерін қардан тазартуға еріктілер де кірісті

5952050a-80d2-49cc-8bab-a7a8af557023-Су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық қалалық коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қала қардан күндіз-түні тазалануда. Қазір 130-дан аса техника, «Орал таза қала» мекемесінің 350 қызметкері тек қар тазарту жұмысына тартылды. Оған қоса 300-ге жуық еріктілер – әскерилер мен студенттер жұмылдырылуда. Жеке кәсіпкерлер, мекемелерді қоса есептегенде қазір мыңға жуық адам қаланы қардан тазартумен айналысуда,-дейді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

Әкімнің айтуынша, 240 мың текше метр қар шығарылған. Өткен аптадан бастап су сору жұмыстары да басталып, бұған 49 техника тартылған. Қаланың барша аумағында қазір екі маусымда – күні-түні 60 жүк көлігі, 20 қар тиегіш жұмыс жасауда.

zhaikpress.kz 

6a2bddb2-6a95-4e9c-87c1-7dc22c18ac02 696b5299-d2b6-415f-b17f-92e78ad97285

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале