21.04.2018, 16:35
Оқылды: 85

БҚО-да «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы өтті

IMG-20180421-WA0113-1Батыс Қазақстан облысы жастарының бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік аясында«Гүлдене бер, туған ел!» акциясы өтті. Акция Орал қаласында, облыстың аудандарында жəне ауылдық округтерде жастардың қатысуымен өтті.


IMG-20180421-WA0114-1Батыс Қазақстан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараның негізгі мақсаты - өзіміз тұратын қаламыз бен ауылымызды қоқыстан тазарту, көркейту және абаттандыру.

Орал қаласында өткізілген шараға облыс орталығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдарының белсенділері - барлығы 300-ге тарта жас қатысып, «Қос жауынгер» монументінің айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале