6.06.2019, 17:05
Оқылды: 106

Ораза айтқа орай рухани кеш өтті

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы мұсылмандардың ұлық мерекесі – Ораза айтта «Қош келдің, Ораза айт» атты рухани шара өткізді. Рухани кеште алдымен Құран оқылды.

qadyr oraza aitn (9)

Ораза Айт – кешірім мен мейірімділік мерекесі. Мұсылмандардың маңызды, діни ұлық мейрамы. Бұл күні ораза ұстауға тыйым салынған.

- Рамазан айы – берекелі ай, айлардың сұлтаны. Айт кезінде барша мұсылман жұрты бір-бірін құттықтап, құрмет көрсетіп, сыйлық сыйлауы керек. Айт – Алла тағаланың бізге берген қуанышы. Мағынасы «мейрам» деген сөзді білдіреді. Ораза айының мейрамы. Ораза айт ұлтымызда үш күнге созылады. Ал шариғатта бір күн. Ораза айтының айырмашылығы Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде де айтылған: «Басқа діндердің бәрінде мейрам болады. Мұсылмандардың мейрамы жылына келетін екі айт»,- дейді. Яғни, Ораза және Құрбан айт. Айттан бөлек Алла тағала бізге күнделікті бес уақыт намазды, әр апта оқылатын жұма намазын айт деп белгілеген. Рамазан айтында бәріміз бір-бірімізді құттықтап, тек жақсылық тілейміз. Бұл мұсылманшылықтың белгісінен, сипатынан екен. Алла тағала баршамызды рамазаннан рамазанға, айттан айтқа амандықта қауышуға нәсіп етсін, -деді оралдықтарды айт мерекесімен құттықтаған Орал қалалық Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің наиб имамы Әсет Раманқұлов.

qadyr oraza aitn (7)

Орталықтың амфитеатрында өрбіген жиында дәстүрлі, терме мен патриоттық әндер айтылды. Ұлттық аспаптан күй төгілді. Жергілікті ақындар Талғат Мықи мен Орынбек Меңдіқұл елді иманға шақырған өлең оқыды.

qadyr oraza aitn (3)

Сахна төрінде республикалық, халықаралық өнер байқауында топ жарып жүрген жерлестеріміз Фархат Оразов, Дастан Есентеміров, Тарас Жауымбаев, Айбар Хайырхановтар өнер көрсетті. Ал «Серілер» фольклорлық тобы орындаған Дәулеткерейдің «Көроғлысы» және Құрманғазының «Адай» күйі көрерменге ерекше әсер етті.

qadyr oraza aitn (6)

  zhaikpress.kz,

суреттер Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы парақшасынан

qadyr oraza aitn (1) qadyr oraza aitn (2) qadyr oraza aitn (4) qadyr oraza aitn (5) qadyr oraza aitn (8)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале