26.06.2019, 15:55
Оқылды: 194

«Өрімталдықтар» демалыста журналистиканың қыр-сырына қанығады

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Жайық Пресс» медиахолдингінің ұйымдастыруымен 100 оқушының «Дарын» қосымша білім орталығында демалысы басталды.daryn (5)

-Орталыққа былтыр өңірде алғаш рет өткен «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің бірінші кезеңіндегі жеңімпаздары, ауданнан іріктелген оқушылар, қала берді республикалық Абай, Әбіш, Қадыр, Мұқағали оқуларында жеңімпаз-жүлдегер атанған оқушылар келді. Олар үшін 7 күнге шара жоспарланды. Демалыспен қатар журналистиканың қыр-сырына қанығады. Әр күннің өз атауы мен мақсаты бар. Мысалы поэзия, проза, телевидение, баспасөз, радио, фотожурналистика, сайттар мен әлеуметтік желідегі жұмысқа байланысты күн.Осы күндерге байланысты кездесулер өтеді. Мәселен, поэзия күні поэзиятуралы түсінік, қыр-сыры, өлең шығарудың техникасы айтылады. Кейін жазылған өлеңді оқуды, сахна мәдениетін, дауыс қоюды Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері үйретеді. Бұдан бөлек оқушылар қалаға экскурсия жасайды, - дейді «Жайық Пресс» медихолдингі директорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Мықтыбай.

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

daryn (2) daryn (3) daryn (4) daryn (6) IMG_0888

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале