12.02.2018, 21:20
Оқылды: 63

Осы оқу жылында 4 мектеп ашу жоспарда

IMG-20180212-WA0063Халық алдында есеп берген қала әкімі Мұрат Мұқаев осылай деді.

- Соңғы 5 жылда қалада 3 мектеп салынса, тек осы оқу жылында біз 2400 орындыққа 4 мектеп ашуды жоспарладық. Өздеріңізге белгілі, 2017 жылдың аяғында қалалық №4 орта мектептің ескі қабырғасы толықтай бұзылып, орнына жаңа ғимарат тұрғызылды. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар айында Деркөлдегі ПДП-2-де 600 орындық мектеп ашылды.

Енді ПДП-1 аумағындағы мектепті наурыз айында, Сарытау шағын ауданындағы мектепті қыркүйек айында ашу жоспарымызда бар.

Сондай-ақ 2017 жылдың ішінде 5 білім ұйымы күрделі жөндеуден өтті.

Сонымен қатар осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін 6 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға қаражат бөлінді (№19, 21, 25, 45 мектебтері және №5, 13 балабақшалар).

Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 15 мың бала қамтылған (оның ішінде 99,5% 3-6 жас аралығындағы балалар). Жеке балабақшаларда 3,4 мың бала тәрбие алып жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттік тапсырыс аясында қалалық бюджет есебінен 22 млн.теңге бөлінсе, өткен жылы 444 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл көрсеткіш 5 жыл ішінде 20 есеге артқан. Аталған ауқымды қаражаттың бөлінуі мемлекеттің бала тәрбиесі мәселесіне және сол арқылы балабақша ашқан жеке кәсіпкерлерге көрсеткен үлкен көмегі екені айқын, - деді қала əкімі.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

IMG-20180212-WA0055 IMG-20180212-WA0067 IMG-20180212-WA0059 IMG-20180212-WA0074 IMG-20180212-WA0075 IMG-20180212-WA0066

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале