22.05.2017, 16:24
Оқылды: 58

Отандық өнімді насихаттаған форум

 Kolginov shara 01  Бүгін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в» компаниясы «Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп жергілікті қамтуды дамыту тақырыбына арналған форум өткізді.

     Аталмыш форумға ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі Алтай Көлгінов, «КПО б.в» компаниясының бас директоры Ренато Мароли, «PSA» ЖШС бас директоры Мұрат Жүребеков пен қатар өңірдегі ірі өндіруші компания өкілдері, мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.


     Өткізілген форумның негізгі мақсаты - Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ кіші кластерінің дамуы, жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құрушы кәсіпорындарының сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттыруды талқылау және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері еді.

  -Бүгінгі ұйымдастырылып отырған форумның маңызы өте зор. Біздің өңіріміз өндіріс ошақтары шоғырландырылған аймақ болып табылады. Әлемдік дәрежедегі шет елдік инвесторлардың облыс аумағына көптеп келуі соның дәлелі. Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауының бірінші басымдығы экономиканың жедел технологиялық жаңғыруы болды. Біздің өңірде машина жасау кластерін құрайтын негізгі өндіруші және ғылыми-техникалық өндіріс орындары жасақталған. Сондықтан өнім өндірушілер заман ағымына сай жұмыс жасап, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды жаңғыртып, мамандардың біліктілігін арттырып отыруы қажет. Ондай өндіруші компаниялар біздің облысымызда бар. Әрине біздің бар күш жігеріміз өңірдің дамуына соның ішінде бизнес қауымдастығын қолдауға бағытталған. Бұл Отандық және шетелдік өндіруші ірі және шағын компанияларғада қатысты. Барлық тараптардың үйлесімді және келіскен амал-әрекеті ғана аймақтың сонымен бірге бизнестің ұзақ мерзімді гүлденуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі өткізіліп отырған форумның өзі игеруші компаниялардың отандық кәсіпорындармен ортақ жұмысты атқаруға мүдделі екендігін айғағы. Осы жиынымыз жергілікті өнімнің сапалылығы мен үлесін одан әрі күшейтуге әсер етеді деген ойдамын,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов форумның ашылуы салтанатында сөйлеген сөзінде.

   Жиында сөз алған ҚР Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, «КПО б.в» компаниясының бас директоры Ренато Мароли өткізіліп отырған форумның маңыздылығына тоқталып, осындай шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін жергілікті билік өкілдеріне алғыстарын айтты.

Kolginov shara 02  Форумның негізгі спикерлері – «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Балтаев, «Қазсервис» мұнай-сервистік компаниялар Одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов, «КПО б.в.» компаниясы өкілдері Батыс Қазақстан облысының индустралдық аймақты және машина жасау кіші кластері жобаларының дамуымен байланысты жаңа мүмкіндіктерімен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларда жергілікті қамтудың даму перспективалары мен мәніне тоқталды.

  Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобаларын, қазақстандық компаниялардың машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі кластерлерінің тиімді даму мүмкіндіктерін ұсынды.

  Облыстық әкімдік пен «КПО б.в» компаниясы арасындағы жергілікті қамту бойынша мақсатты көрсеткіштерді анықтауға орай өзара түсінушілік туралы Келісімге қол қойылды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале