1.03.2019, 16:45
Оқылды: 35

Партия қатарына қабылданды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалында әр салада еңбек етіп жүрген он адам партия қатарына қабылданды. Олардың қатарында студенттер де бар.

 nur

- Бүгін - партияның негізі қаланған күн. Партия Елбасының саясатын халыққа кеңінен насихаттап келеді. Қоғамның айнасы ретінде адал қызмет ете бермек. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар да жалғасын табады. Сіздерге де зор жауапкершілік жүктеліп отыр, - деген партияның БҚО филиалы төрағасының орынбасары Г.Құлжанова нұротандықтардың қадамы сәтті болуын тілеп, оларға партиялық доктрина мен билеттер табыс етті. Сонымен қатар партияның 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған кезекті XVIII съезінде Елбасы атап өткен табысты арттыру және халықтың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсету, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу бағытында және білім беру, денсаулық сақтау салаларында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған нұротандықтар болса, ел дамуы үшін адал қызмет ету зор абырой деп атап өтті. Жалпы бұл күні облыс бойынша 140 адам партия қатарына қабылдануда. Бүгінде облыста партияның 34 мыңнан астам мүшесі және 275 бастауыш партия ұйымы бар.

nur2

Ясипа Рабаева,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале