28.11.2019, 18:02
Оқылды: 409

Партия жұмысын жаңғырту жалғасуда

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы активінің жиналысы өтті. Өңірлік филиал төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев төрағалық еткен жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары-фракция мүшелері, облыстық филиал жанындағы консультативтік-кеңесші құрылымдар мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, мемлекеттік құрылымдар басшылары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

akim sovet (5)

-Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі ерекше. Тұңғыш Президент басшылығымен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – Елбасы халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Биылғы 21 тамызда Тұңғыш Президент - Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлаулардың алдында партияның жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынып, оны «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» деп атады. Партия төрағасы сонымен қатар қоғамды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтастырудың және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

akim sovet (7)

Облыстық филиал да өз жұмысын қайта жүктеу үшін нақты шараларды қолға алған. Көкейкесті мәселелерді шешу үшін барлық деңгейдегі мәслихаттардың фракциялары өзара әрекеттесу жұмыстарын жүргізуде. Депутаттар халықпен тығыз байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде аккаунтарын ашты. Облыстық мәслихаттағы партия фракциясында атқарушы органдардың облыстың аумақтық даму бағдарламасын жүзеге асыру туралы есебі қаралды. Өңірдің «тәуекел картасы» құрылды. Шыңғырлау ауданында пилоттық режимде партияның кадрлық резервіне іріктеу жүргізілді. Партия жұмысын жаңғырту, қайта жүктеу одан әрі жалғасуда, - деді облыстық филиал төрағасы.

akim sovet (6)

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев қазіргі таңда облыстық филиалдың 29 мыңнан астам мүшесі, 262 бастауыш партия ұйымы бар екенін мәлімдеді. Шыңғырлау ауданында пилоттық негізде қолға алынған партиялық кадрлық резервке 36 үміткер тіркелген. Олар ауданның барлық ауылдық округтерінде жұртшылықпен кездесумен қатар, дебатқа қатысып, шешімін күткен өзекті мәселелерді талқыға салған. Жұмыс тиімділігін арттыру бағытында партия филиалдары қағазбастылық пен формалды іс-шараларды азайтып, есеп беруді бес есе қысқартқан. Қазіргі таңда «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» және «Жастар – Отанға!» атты партиялық жобалар жүзеге асуда.

akim sovet (9)

Облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Серік Сүлейменнің айтуынша, фракция мүшелері партиялық жұмысты қайта жүктеуге белсенді ат салысуда. Биыл сайлаушылармен барлығы 378 кездесу ұйымдастырылып, екі мыңға жуық қоғамдық қабылдау өткізілген. Жыл басынан бері депутаттарға облыс азаматтарынан 2400-ге жуық арыз түсіп, соның ішінде аудан депутаттары ең көп арыз қараған. Келіп түскен арыз-шағымдардың 34 пайызы оң шешімін тапқан.

akim sovet (1)

Актив жұмысын қорытындаған облыстық филиал төрағасы Ғали Есқалиев жергілікті жерлердегі партия құрылымдарының жұмысын күшейту және партияның өңірдегі шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтті. Партияның сайлау алдындағы кезеңдегі жұмысын күшейтудің маңызына тоқталды. Осы орайда, облыстық партия филиалдарына, сайланбалы құрылымдар мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарына жұмысты жетілдіру бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында Ғали Нәжімеденұлы тұңғыш президент күні қарсаңында «Nur Otan» қатарына қабылданған бір топ азаматқа  партиялық билеттерді салтанатты жағдайда табыс етті.

Динара Жұмабекқызы

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

akim sovet (11) akim sovet (12) akim sovet (13)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале