14.12.2017, 15:40
Оқылды: 42

Патриоттар форумында оралдық əскери марапатталды

Бүгін Астанада өткен Қазақстан патриоттар форумында батысқазақстандық Қуаныш Сайлауов «Туған жерім – ғұмырым»  аталымы бойынша марапатталды.

Патриоттар форумына өңірлерден жəне шетелден 200-ден астам делегат қатысты. Ақ Жайық өңірінен 12 адам келді. Форумға қатысушылар арасында өз кəсібінің үздіктері, Отан игілігі үшін еңбек етіп жүрген ұстаздар, дәрігерлер, əскерилер, өрт сөндірушілер, журналистер, спортшылар бар.

Форумда ерекше ерлік көрсеткен, белсенді азаматтық ұстанымын білдірген жəне күнделікті еңбегімен, нақты істері мен Отанға деген сүйіспеншіліктің өнегесі көрсеткен ел патриоттары арнайы аталымдар бойынша марапатталды. Солардың бірі Орал қаласындағы №5517 əскери бөлімнің əскери қызметкері Қуаныш Сайлауов «Туған жерім-ғұмырым» аталымы бойынша марапатталды.

Қуаныш Қанатұлы биылғы мамыр айында оралдық тұрғынды екі қарақшының тонауынан құтқарып қалған болатын.

Гүлбаршын Әжігереева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале