26.05.2020, 16:45
Оқылды: 432

Педагогтердің жұмысына қатысты бірнеше маңызды нормативтік актілер күшіне енді

Бұл жөнінде бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнəр Сəрсенғалиева баян етті.

мұғалім-1

- Бүгінгі таңдағы педагогтердің қызметіне қатысты, жұмыс барысында толтыратын құжаттар тізіміне, жалақы есептеу, тәлімгерлікті тағайындауы бойынша ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен бірнеше маңызды нормативтік актілер күшіне енді. Соның ішінде, назарға алынатыны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығы. Орта білім беретін мекемелердегі педагогтер жүргізетін құжаттар: сынып журналы, мектеп алды сыныптарының журналы, факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналы, күнтізбелік-тақырыптық жоспары, сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспары, жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтерді құрайтын еді. Мұғалім оқу жылында 4 құжат дайындайтын болса, ендігі де күнделікті екі құжатты ғана жүргізеді. Егер педагог тәлімгер болса, оқу жылы басында жас маманмен жұмыс жоспарын дайындайды. Бұйрықта сынып жетекшінің, басшының, қызмет бағыттары бойынша басшы орынбасарының құжаттар тізбесі айқындалған. Осындай тәртіпте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізетін міндетті құжаттардың тізбесі де нақтыланды. Бұйрық бойынша сынып журналы орта білім беру ұйымының әрбір педагогі жүргізуге міндетті болып табылатын құжаттылығына назар аударылған болса және сынып журналы орта білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек қана электрондық форматта толтырылады, оны қағаз нұсқасында толтыруға жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. Кейбір білім мекемелерінде электрондық журналмен қоса қағаз түрінде де жүргізіледі. Аталған бұйрық педагогтерді артық қағаз бастылықтан босатып, тікелей қызметтік міндеттерімен айналысуға мүмкіндік береді, яғни білім сапасын көтеруді, балалармен жеке жұмыс жүргізуді жоғарғы деңгейде қалыптастуға мүмкіндік береді. Педагогтерден тізімге енгізілмеген құжаттарды сұрату ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының талаптарын бұзу болып табылады. Талап етуші адамға қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексімен жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, ҚР ӘК Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогты кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартқаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін жəне педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеті жүктелгені үшін жауапкершілікке тарту қағидаттары қарастырылған. Педагогтердің кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, қызметтік міндетінде қамтылмайтын мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, аймақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті дәледеме негіздері болған жағдайда әкімшілік іс қозғайды. Қажет болған жағдайда құқық бұзушылыққа қатысты тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, дəл қазіргі жағдайда оқушылардан мектеп оқулықтарын тапсыруды талап ету қажет емес, əрбір мектептің басшылығы кейінгі мерзімде санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асыруды қарастыруы керек. Ағымдағы уақытта ұлттық біліктілікті арттыру тестін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, білім беру ұйымдарының педагогтері, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, білім мекемелері басшылары тапсырады. Қызмет қорытындыларын, кешенді бағалау қорытындыларын ескере отырып педагогтерге санатына қарай  30%- дан 50%-ға  дейін, білім мекемелерінің басшыларына 30% - дан 100% -ға үстемеақылар көзделген. Ұлттық біліктілікті арттыру бойынша тестілеуді 2020 жылдың маусым-тамыз айларында өткізу жоспарланды. Карантиндік шараларды қадағалай отырып, өткізу алгоритмі жасақталды - деді Гүлнəр Ақмырзақызы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале