7.07.2019, 16:20
Оқылды: 95

Перзентханада «Қасиетті домбыра» акциясы өтті

Облыстық перинатальды орталықта халық дәстүрін дәріптеу, өнер жолында ұрпақ сабақтасығын нығайту мақсатында «Қасиетті домбыра» акциясы өтті.

IMG_0249-800x531
Ұлттық домбыра күні дүниеге сәби әкелген он бес анаға  облыстық ассамблея өкілдері қазақ саз аспабын табыстады.
– Елбасының жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі Домбыра күні болып белгіленді. Биыл бұл мереке екінші мәрте аталып өтуде. Соған байланысты Ассамблея атынан домбыра табыстауды дәстүрге ұластырмақпыз. Жарық дүниеге сәби әкелу, ана бақытын сезіну – зор нығмет. Балалар ұлттық құндылықтардың қадірін жете тануы керек. Сондықтан нәрестеге берілген алғашқы сыйлық домбыра болсын деп, жақсылыққа балап, дәстүрге сай ырымдап беріп отырмыз. Домбыра үнін құлағына сіңіріп өскен өрендердің арасынан дәулескер күйші, талантты әнші, ел арқасүйер азаматтар көп шықса, біз қуанамыз. Сәбилердің бауы берік болсын! – деді БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

IMG_0260-800x533

Аналарды құттықтай келген делегация құрамында этномәдени бірлестік төрағалары, кәсіпкерлер, өнерпаздар болды.

IMG_0186-800x545

Олар да қуаныш иелеріне ілтипат көрсетіп, құттықтау хат пен домбыра, гүл шоқтарын табыстады. Делегациямен бірге келген екі өрен күй тартты.

Нұртай Текебаев
суретке түсірген Эльвира Меңдіғали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале