16.06.2018, 16:43
Оқылды: 24

«Plogging Uralsk» акциясы өтті

14 маусым күні Шыңғырлау ауданында бастау алған «Плоггинг-табиғат» акциясы Орал қаласында жалғасты.

Оралдағы плоггинг акциясына «Жасыл ел» студенттік еңбек  жасақтары, жастар қоғамдық бірлестіктері, белсенді жастар жұмыла үн қосты.

-Плоггинг Швецияда алғаш пайда болып, қазір әлемде кең танымалдылыққа ие болып келеді. Жаңа фитнес-тренд деп айтсақ та болады. Яғни, жай ғана жүгірмей, айналаңды қоқыстан тазарту.  Жақында Шыңғырлау ауданының жастары бастама көтеріп, экологиялық эстафетаны облыстағы өзге замандастарына жолдаған еді. Орал қаласында эстафетаны «Жасыл ел» еңбек жасақтары қабылдап алды. Акция бұдан әрі аудандарда жалғасады, - дейді облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Аян Сақошев.

Жүгіруге өздерімен бірге қатты қалдықтар салатын қапшық ала шыққан жастар Хан тоғайына дейінгі жолды қоқыстан тазалады. Акция барысын суретке және видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге #PloggingUralsk хэштегімен жүктеп, қала тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға шақырды.  

Оралдық жастарға «Алға басу-движение вперед» қайырымдылық акциясына қатысқан мемлекеттік қызметкерлер де қосылып, Жеңіс алаңынан Хан тоғайына дейінгі аумақты көң-қоқыстан тазалауға ат салысты.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале