10.06.2017, 15:23
Оқылды: 52

Полицейлер жүгіріп өтті

received_694311007433653ҚР Ішкі істер органдары құрылғанына 25 жыл толды. Мерейлі датаға орай түрлі шаралар өтуде.

- Солардың бірі бүгінгі полицейлер арасындағы 2000 метрге көпшілік жүгіру. Ішкі істер қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау - шарамыздың басты мақсаты. Бүгінгі шараға 200-ден астам адам қатысып отыр, -дейді Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаров.

 

Шара соңында белгілі болғандай мәре сызығын алғаш кескен Темірлан Тоқсымбаев І орын алса, ІІ және ІІІ орындарды Жәнібек Серіков пен Сәбит Төлеуов өзара бөлісіп, диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Одан бөлек 12 полиция қызметкеріне ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале