2.09.2019, 11:06
Оқылды: 304

Президент: «Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы қажет»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазақ тілінің мәртебесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_59187

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет», - деді Президент жолдауында.

Еске салайық, 10 тамызда Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын. «2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деп жазған еді Тоқаев twitter желісіндегі парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале