3.09.2020, 15:51
Оқылды: 266

Президент кезекте тұрғандардың баспана проблемасын жедел шешуді тапсырды

Кезекте тұрғандардың баспана проблемасын барынша жедел шешу керек. Бұл туралы өз Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

200901161917976a3689510i

«Табысы тұрғын үй мәселесін өздігінен шешуге жеткіліксіз азаматтарға тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Осы жылдан бастап «5-10-25» бағдарламасы жұмыс істей бастады. 390 млрд. теңге бөлінді. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы Үкіметтің үнемі бақылауында тұр. Кезекте тұрғандардың баспана проблемасын барынша жедел шешу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, қазіргі уақытта әкімдіктер өздігінен кезекте тұрғандарға арнап жалға берілетін тұрғын үйлер салуда. Алайда бюджеттік және сатып алу процедураларына байланысты оған ұзақ уақыт кетеді. «Бұл сызбаға өзгерту енгізетін уақыт жетті. Қаражат тек қана құрылысқа емес, сонымен бірге жалдау құнын субсидиялауға да бағытталады. Бірінші жылы бұл шарамен қамту 10 есеге артып, 100 мыңнан астам отбасы нақты көмек алады. Бұл жұмысты реттеуді «Тұрғынүйқұрылысбанкі» базасында құрылатын «Отбасы банкіне» тапсырдым. Банк басшысы бұл мәселеге дербес жауап беретін болады», - деді ҚР Президенті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале