1.12.2017, 1:43
Оқылды: 41

Президент күніне арналған салтанатты шара өтті

received_10210541007133831Облыстық Қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне арналған салтанатты мәжіліс болып өтті.

Оған облыс орталығының жұртшылығы және соғыс, еңбек ардагерлері қатысты. Жиында облыс əкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі. Ол бұл тарихи күннің маңызы мен мәніне тоқталды. Оның айтуынша, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктері Н.Назарбаевтың қажырлы еңбегімен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің 26 жылында еліміз саяси-экономикалық жағынан нығайып бекіді. Қазақстан барлық көршілерімен тату-тəтті тыныш жағдайда өмір сүруде. Жайық өңірінде тұрақтылық жағдай қалыптасқан. Бізде жолдар мен үйлер салынып, су құбырлары тартылуда. Мәселен, Теректі ауданының бес елді мекені таза су ішіп отыр. Орал қаласында 180 пəтерлі үй пайдалануға беріліп, қожайындарына кілті табысталды. Салтанатты мәжіліс соңында жиналғандар көркем өнерпаздар өнерін тамашалады.

Серік Ихсанғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале