1.07.2020, 16:26
Оқылды: 93

ПТР-тест құны сатып әкелінген бағасынан неге қымбат – министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ПТР-тестен өту құны – тестің өзінің сатып әкелінген бағасынан неліктен қымбат екенін түсіндірді.

6239C631-B182-4823-A265-C1190D5DF381

«Бұл жерде төлем ПТР-тест үшін ғана жасалмайды. ПТР-тестілеу қызметі үшін де ақы алынады. Ол төлемге тестің өзі ғана емес, бұл қызметті жүргізуге қажетті материалдар шығыны да кіреді. Яғни онда 40-қа тарта зертханалық бұйым бар: материалдарға арналған зонттар, көліктік орта түтігі және тағы басқалар», - деді Людмила Бюрабекова.

Вице-министрдің айтуынша, бұл қызмет құнына медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдары мен айлығы да кіреді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале