18.09.2018, 18:58
Оқылды: 69

"QAZAQSTAN" мен "AQJAIYQ" арнасының жаңа маусымының таныстырылымы өтті

Бүгін Оралда "QAZAQSTAN" Ұлттық арнасы мен "AQJAIYQ" арнасының жаңа маусымының тұсаукесері өтті.

Темирболат Токмамбетов02

Жаңа маусым елдегі арна тынысын кеңейтетін тың жобаларымен ерекшеленбек. Тұсаукесерге облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар бастаған басшылар, "Қазақтан" Республикалық Телерадио Корпорациясы" АҚ қаржы департаментінің директоры Дана Ахметова, қала зиялылары, халық қалаулылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

- "AQJAIYQ" арнасы - өңіріміздің айнасы. Қыркүйектің бірінен бастап жаңа жобаларды көрдік. Барлық жаңашылдық халықтың ойын, сұранысын қанағаттандыру үшін жасалғандықтан көңілінен шығады деп сенеміз. Телеарнаның 50 жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде облыстың көркем табиғаты, қатпарлы тарихы, топырағынан түлеген тұлғалары, тәуелсіздік жылдары еңсерген жетістіктері хақында хабарлар мен жаңалықтар таратып келеді. Бұл үлкен еңбек. Жаңа маусымның да жағымды жаңалықтары көп болғай. Ұжымға шығармашылық табыс тілейміз, - деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Күздің алғашқы күні «Қазақстан» корпорациясының құрамына кіретін "QAZAQSTAN", "QAZSPORT", "Балапан" телеарналарында жаңа телевизиялық маусым жаңалықтарға толы болды. Төл өнімнің көлемі артып, бірнеше отандық телехикаялар түсірілді. Жаңа реалити жобалар мен деректі сериалдар жұртышылққа жол тартты. Корпорация «Тамаша ТВ» арнасымен толықты.

Елдің басты арнасындағы өзгеріс туралы Дана Абиболлақызы айтып берді. Қазақ даласына телевизия сигналы тарағалы бері 60 жыл өтті. Ұлттық арна елдегі жаңалықты таратып, мәдениет пен руханияттың жаршысы боп келеді. Жаңа маусымда халықтың көңілінен шығар жобалар жетерлік. Биыл отандық өнімге ерекше басымдық берілді. Арна төл туынды 16 хикаяны ұсынатын болады. Ал "Балапан" арнасының жобалары толықтай жаңарды. "Қазспортта" да көрермен көңіліне қуаныш сыйлар жобалары бір төбе. Арна 7 бағыт бойынша жұмыстанады. Кәсіби спортпен бірге ұлттық ойын, әуесқой спорт түрлеріне, жас өспірімдер мен балалар, жастар мен ардагерлер спорты, паралимпиада ойындарына ерекше көңіл бөледі. Аймақтардағы арна көрерменін 90-ға жуық жаңа бағдарлама күтіп тұр. Корпорацияның басты жаңалығы - "Тамаша-ТВ" арнасының ашылуы,- деді Д.Ахметова.

Айта кетейік, "AQJAIYQ" арнасы жаңа маусымда 6 жоба ұсынды. Хабарлардың ерекшелігі түбегейлі жаңғыру мен тың идеялар арқылы болашақты баянды ететін азаматтардың игілікті істерін паш етуге негізделген. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жағыру" бағдарламалық мақаласы аясында
Жайықтың 7 кереметін тереңірек танып білу үшін жергілікті арнаның түсіру тобы жолға шықты. "Жайықтың жәдігерлері" басты назарда болмақ. Тағдырдың тәлкегімен шекара асып Ресейде тұрып жатқан қандастарымыз туралы арна "Ағайын: Еділ мен Жайық арасы" бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Шаңырақтың алтын діңгегі болар ұл мен қыздың тәрбиесіне назар аудару жаңа "Қыз Жібек" бағдарламасының басты мақсаты.

Д.БЕРІШ,

Суреттерді түсірген Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz

Темирболат Токмамбетов07

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале