20.06.2019, 16:54
Оқылды: 291

"QAZSPORT" директоры халықаралық хабар тарату одағының комитетіне төрағалық етеді

14-16 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында 64-ші Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU - Asia-Рasific Broadcasting union) спорттық конференциясы өтті.

 071A5303 (1)

Конференцияның ұйымдастырушысы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Нұр-сұлтанда өткен телевизиялық-спорттық ауқымды шараға әлемнің көптеген елдерінен хабар тарату өкілдері  қатысты.

Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының ауқымы үлкен. Одақ жаңалықтар, спорттық және ғылыми-танымдық бағдарламалар таратады. Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU) – әлемдегі ең ірі хабар тарататын ұйымның бірі.  Қазір одақтың құрамында 76 елден 272 мүше бар.  ABU-ға мүше компаниялар арқылы 3 миллиардқа жуық адамға хабар таратылады.

kazsport (1)

Конференцияда бағдарламаларды бірлесіп өндіру, Азия телеарналары арасында тәжірибе алмасып отыру, ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.

Конференция соңында "QAZSPORT" телеарнасының директоры Павел Цыбулин Малайзия, Қытай, Жапония, Индия елдерінен келген әріптестерімен бірге 2 жылдық мерзімге Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы комитетінің басшылығы құрамына енді.  Екі жыл бойы телевизиялық құқық бойынша бірге жұмыстанып, сары құрлық арналарымен өнім алмастырылып, отандық контенттер өзге елдің арналарында көрсетілмек. Конференцияда халықаралық жарыстар кезінде бір-біріне көмек қолын созып, жаңалықтармен бөлісіп отыру жөнінде шешім қабылданды.

kazsport (2)

Арна басшысы Павел Цыбулин: «Қазақтың ұлттық ойындарын Азия елдеріне кеңінен насихаттау – телеарнаның басты міндеттерінің бірі», - деді.

kazsport (3)

Айта кетейік, делегаттар каратэден өткен «Kazakhstan Open» халықаралық турнирін тамашалады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале