1.03.2017, 17:26
Оқылды: 29

«Рахмет, саған, туған ел!»

Бүгін Қадыр орталығында «Алғыс айту» күніне орай «Рахмет, саған, туған ел!» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті. Кештің  мақсаты - өзге ұлт өкілдері арасында ынтымақ пен татулықты арттырып, ұлтжандылықты дəріптеу.

Шараға «Ару аналар» әжелер ансамблінің мүшелері және көркемдік жетекшісі Клара Саржанова, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы «Достық» клубының мүшелері Олег Буланов пен Анвар Эрдашевтар қатысып, жастарға тәлім-тәрбиелік маңызы бар әңгімелер айтып, еркін пікір алмасып, өнегелік істерін үлгі етті.

Асыл әжелеріміздің әсерлі әңгімелері мен ойлы сұхбаттары жастардың ойын бір арнаға ұйытып, патриоттық сезімдерін одан әрі арттыра түсті.

- Ұлты басқа болса да - ұраны бір, тілі басқа болса да - тілегі бір, отбасы басқа болса да - Отаны бір көптеген халықтың ортақ құндылықтарының біріне айналған қазақ елін зор мақтанышпен айтуға болады. Өйткені біз жылдар бойы, ғасырлар бойы өзіміздің ел бола алатынымызды дәлелдедік. Соның арқасында қазақ халқына, қазақ баласына деген сый-құрмет жыл өткен сайын еселеніп келеді. Алғыс күні құтты болсын, ағайын! Еліміз аман болсын, -деді кеш барысында Клара Бақтығалиқызы.

Басқосу одан әрі жас өнерпаздардың әсем әндерімен жалғасын тапты.

Лəззат Шағатай,

суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале