26.05.2018, 17:26
Оқылды: 21

Республикалық «Challenge Өзгеше сен!» акциясына батысқазақстандықтар да үн қосты

33598359_2004045823194102_7132626238274797568_nБүгін «Ақжайық» стадионында денсаулық сақтау саласы мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті оқу орындарының ұжымдарының қатысуымен  республикалық «Challenge Өзгеше сен!»  акциясы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысты.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдаған болатын. Бұл бастаманың мақсаты —бұқара халық арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау.

33513672_2004045843194100_3211814227991855104_n- Акция аясында еліміз бойынша отандық спорт, мәдениет саласының танымал өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өтуде. Олар осылайша спортпен шұғылдануды үлгі етуде. Осы шараға келіп қатысқандарыңызға алғыс білдіремін. «Дені саудың - жаны сау» дейді. Әрқашан спортпен шұғылданып, денсаулықтарыңызды нығайтып жүріңіздер, - Ғ.Оспанқұлов.

Шара басталмас бұрын өңір спортшылары қатысушыларға арнап каратэ, күрес, бокс, футбол сияқты спорт түрлерінен шеберлік сағатын ұйымдастырды. Кейін жиналғандар 15 минут бойы көңілді әуен ырғағымен дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале