29.11.2016, 20:09
Оқылды: 60

Сақшылардың тарихқа саяхаты

                ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО мамандандырылған күзет басқармасы сақшыларын өлке тарихымен таныстырып, облыстық музейге экскурсия ұйымдастырды.

  Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев сақшыларды қош алып, құнды жәдігерлерді көрсетті. БҚО МКБ ММ батальон командирі, полиция майоры Нұрболат Сагенов мен кадр бөлімінің басшысы, полиция капитаны Оралбек Жұбандықов жас офицерлер мен сержанттарға еліміздің тарихын білу маңызды екеніне тоқталды.

Музей қызметкерлері Ассамблея залы мен Елбасы және тәуелсіздік залына ерекше тоқталып өтті. Әсіресе Елбасына қатысты экспонаттар күзет полицияларының назарына ілікті. Сондай-ақ келушілер Орал шаһарының негізі – ортағасырлық Жайық қалашығы тарихын қызыға тамашалады.

Шарада Елбасының еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді. Күзет батальонының командирі Нұрболат Тілекқабылұлы мерекемен құттықтап, «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» өлеңін оқыды.

Еске сала кетсек, бүгінде БҚО тарихи-өлкетану музейінде 130 мыңнан астам жәдігер бар. Еліміздегі ең көне бұл музейде сегіз зал болса, соның алтауы биыл толықтай жаңартылған.

                                                                                        www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале