24.04.2019, 19:45
Оқылды: 54

Сәйкестік аудиті қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен шаруашылық жүргізу құқындағы «Аксайжылуқуат» мемлекеттік кәсіпорынында 01.01.2013 жылмен 30.11.2018 жыл аралығына аудит сәйкестігі жүргізілді.

Аудит нәтижесімен барлығы 302 590 мың тенгенің бұзушылықтары анықталды, соның ішінде:

Негізсіз есептеліп төленген сыйақы- 1057,9 мың теңге;

Бухгалтерлік есептілікті бұзушылық - 3 201,6 мың теңге;

Негізсіз шығынға жатқызылған жанар-жағар май - 579,8 мың теңге;

Іссапар шығындарынан негізсіз алынған қаражат – 1745,7 мың теңге;

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу бөлігінде мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар 296 005 мың теңге құрады.

Аудит қорытындысымен 5 411,2 мың теңгеге лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бухгалтерлік есептіліктегі кемшіліктер жойылды.

ҚР ҚМ ІМАК БҚО бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале