9.04.2019, 16:25
Оқылды: 18

«Сайлау – аса маңызды саяси оқиға»

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда президент сайлауы өтетінін хабарлады. Ол барша қазақстандықты сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

sankaeva

         Сайлау – аса маңызды саяси оқиға. Иә, мемлекетіміздің келешегі біздің шешімімізге тікелей байланысты.

Біз бейбіт заманда өмір сүріп келеміз. Ел тағдыры үшін алдағы уақытта өтетін сайлаудың рөлі зор. Болашаққа сеніммен қарап, тұрақтылықтың, қоғамдағы татулық пен келісімнің кепілі болатын шешім қабылдаймыз. Елінің болашағын ойлайтын кез келген азамат дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Ел үшін аса жауапты күнге аз ғана уақыт бар. Әр қазақстандық саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдау жасауы қажет.

Меруерт Санкаева,

«БҚО Азаматтық Альянс» ЗТБ президенті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале